Алматы метрополитенінің қайтадан тағайындалған директоры Айдын Оразхановқа қызметкерлері кезекті рет шағымданып жатыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, басшы Айдын Оразханов қоластындағылармен дөрекі сөйлесіп, оларды жаппай жұмыстан босатып жатыр.
«Алматыметрополитен» бірнеше қызметкері Алматы әкімдігіне, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Антикоррға осы жағдайды айтып, хат жазған.
«Айдын Оразханов келгелі бері бір айдың ішінде 40-қа жуық қызметкер жұмыстан шығарылды және бүгінге дейін қызметкерлерге қысым жасалып жатыр. Ол оларды өз адамдарына ауыстырды. Біз кез келген уақытта жұмыстан шығарылуымыз мүмкін», — дейді кіріс жинау қызметі басшысының орынбасары Досым Жолдыбаев.
Бейнежазбалардың бірін қызметкерлер редакцияға жіберді. Кадрларда екі адамның метро ғимаратына үлкен суретті кіргізіп жатқаны көрінеді.