Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аудалырып түсті, зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Новодолинский ауылының маңындағы автожолда болды. №121 автобус оған соғылған жеңіл көліктің кесірінен жыраға түсіп кетті.
«121-ші автобусты 29 жастағы жүргізуші басқарған. Жол апаты салдарынан автобус жыраға аударылып кеткен. Автобустағы 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.