#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: №2 қалалық аурухана базасынан инсульт орталығы ашылады

Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды (кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС.
Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымша инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керекті медициналық құрал-жабдықтар мен магнитті-резонансты томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) және ангиографиялық қондырғы орнату қарастырылу үстінде.
№2 қалалық ауруханада — қаладағы жалғыз толыққанды көпсалалы аурухана болып табылады. Мұнда соңғы рет күрделі жөндеу жұмысы 1975 жылы жасалған. Ауруханада 120 төсек-орынды босану бөлімі бар. Бөлімде жылына жеті мың әйел босанады. Ал емхана бөлімшесіндегі мамандар 50 мыңнан аса адамға көмек көрсетеді.
Одан бөлек, Соvid-19 инфекциясы өршіген тұста 260 төсек-орынды провизорлық стационар жұмыс жасаған. Стационарға 1 788 науқас келіп түскен. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты провизорлық стационардағы 120 төсек-орын уақытша жабылып, штаттық режимге көшкен. Ал 140 төсек-орынды провизорлық стационар өз жұмысын әлі де жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар