#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

Вирустық инфекция өршіген тұста қаладағы Асар шағынауданындағы балалар клиникалық аурухана базасында көп бейінді провизорлық орталық ашылған.

Вирустық инфекция өршіген тұста қаладағы Асар шағынауданындағы балалар клиникалық аурухана базасында көп бейінді провизорлық орталық ашылған. Мұнда дәрігерлер коронавирус, пневмония дертіне шалдыққан ауыр және орташа халдегі балаларға емдеу шараларын жүргізді.
Екі айдан аса инфекциялық стационар болып жұмыс істеген орталыққа 107 науқас келіп түскен. Оның ішінде 98 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас балаларға провизорлық стационардағы 20-ға жуық қызметкер тәулік бойы емдеу шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде балалар ауруханасындағы стационарда өлім жағдайы тіркелмеді дейді мамандар.
Айта кететін жайт, балаларға арналған провизорлық орталықта пульмонолог, травматолог, хирург, невролог, нейрохирург, аллерголог сынды бейінді дәрігерлер бар.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастап кетті.

Соңғы жаңалықтар