Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде орналасқан Орталық саябақ аумағында абаттандыру жұмыстары аяқталды. «Өмір жолы» ЖШС саябақтың 5 гектарында «Даңқ» мемориалын, «Ауданның құрметті азаматтары» аллеясын, балалар алаңшасын, субұрқақ, спорт алаңшасын салып, ел игілігіне тапсырды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Даңқ» мемориалына Ұлы Отан соғысына ауданнан аттанған соғыс ардагерлерінің есімдері тасқа қашалып жазылып, онымен қоса 1979-1989 жылдар аралығында өткен Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне және бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың құрметіне ескерткіштер орнатылды.
Сонымен қатар, Төрткүл ауылында да абаттандыру жұмыстары басталды. «Даулет» ЖШС Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойынан аяқжол төсеп, арнайы беседкалар орнату жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, бұл аумақ жарықтандырылып, 12 800 шаршы метр аумақ көгалдандырылады. Және де ойын алаңшасын салып, кіші футбол және баскетбол ойындарына арналған алаңдарды ел игілігіне беру жоспарланған.