#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте көп қабатты 75 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев мәлімдеді.

– Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне назар аударып, олардың жөнделуін бақылауға алды. Нәтижесінде Республика және Тәуке хан даңғылы бойында шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көп қабатты тұрғын үй анықталды. Ал жөндеу жұмыстарын «Отау Строй», «А.Р.Т. Құрылыс», «Канфар Билдинг», «Корпорация Ақ ордасы», «Шымкент строй», «КазМедеоГранд», «БекСтройСервис», «Лидер-НК» және «Югстройсервис-Н» секілді компаниялар жүргізді. Бүгінде бұл 43 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу және витраж орнату жұмыстары толық аяқталды, – деді Б.Мамыталиев.

Спикердің сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда Асар шағынауданында көп қабатты 30 тұрғын үйдің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары жүруде. «Корпорация Ақ ордасы» компаниясы жүргізіп жатқан бұл жұмыстарда 28 үйдің құрылысы аяқталып, қалған 2 үйдің жөндеу жұмыстары 90% пайызы атқарылған. Сондай-ақ, Әкімшілік іскерлік орталығында 6 үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. Мұнда 4 үйдің сыртқы қасбеті қалпына келтірілген. Ал қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітпек.

Брифинг соңында Бауыржан Жаймұрзынұлы тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражат демеушілер есебінен екенін айтып, оларға алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар