#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда экологиялық-санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге арналған рейдтік шара өтті

Түркістан облысы аумағында орналасқан халық көп жиналатын демалыс орындарында тұрғындар тарапынан экологиялық-санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында кешенді профилактикалық-рейдтік шаралар ұйымдастыру қолға алынды.

Атап айтқанда, Түркістан облысы бойынша Экология Департаменті және Полиция қызметкерлерінің, Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің қатысуымен 2020 жылғы 25 шілде күні Сайрам ауданы Ақсу өзені жағалауы аумағында және 26 шілде күні Ордабасы ауданы Темірлан поселкесі Арыс өзені бойында рейдтік шаралар өтті.

Рейдтік шаралар аясында облыс тұрғындарының демалыс ошақтарында топтаса жиналу, арнайы белгіленбеген орындарда от жағу, жалпы экологиялық-санитарлық, қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактілерін анықтау және тәртіп бұзушыларға жария түрде әкімшілік шаралар қолдану көзделді.

Алайда, жүргізілген рейд барысында облыс тұрғындары тарапынан экологиялық талаптарды өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан алдағы демалыс күндері көпшілік орындарға баруға шектеу қойылатындығы туралы БАҚ арқылы жарияланған ескертпелердің нәтижесінде өзен аумағында демалушылар өте аз болды.

Рейдтік шара жүргізілген көпшілік орындарда кездескен демалушыларға Департамент қызметкерлері тарапынан табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері туралы 2020 жылғы 25 шілде күнгі рейдте 50 дана, 2020 жылғы 25 шілде күнгі рейдте 40 дана жадынама берілді, полиция қызметкерлері тарапынан ауызша ескертулер айтылды.
Түркістан облысы бойынша экология департаменті мен облыстық құрылымдар тарапынан облыс аумағында өтетін рейдтік шаралар алдағы уақыттарда да жалғасатын болады.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар