Мақтаарал ауданында жаңадан іргетасы қаланған ықшам ауданда құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде. Мырзакент кентіндегі мөлтек ауданында болған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс сапасын тексерді. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Құрылыс алаңында 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Жалпы 386 тұрғын үйдің құрылысына 1427 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және қайырымдылық Қорлардың есебінен жүргізілуде.
Шағын аудан ауыз су, жарық пен газбен қамтамасыз етіліп, байланыс желісімен жабдықталады. Жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мөлтекауданда абаттандыру жұмыстары аясында саябақ пен екі спорт алаңшаларының құрылысы жүріп жатыр. Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендері үшін Жаңадан құрылысы жоспарланған 70 га жер телімін құрайтын мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен екі жүз сексен орындық бала-бақша салынуда. Дәрігерлік амбулатория құрылысы нысанының жұмыстары жүріп жатыр.
Облыс әкімінің нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, тиісті мекемелер жұмыс қарқынын күшейткен. Құрылыс өз мерзімінде аяқталуы қажет.