Шымкент қаласында карантиндік шараларды сақтау бойынша мобильді топ рейд жүргізуде.
Мобильді топқа қала әкімдігі, қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қалалық ПД және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы қызметкерлері кірген.
20-21 маусым демалыс күндері мониторингтік топтар 3 мыңға жуық нысанды тексеріп, оның ішінде 32-і карантин талаптарын бұзғанын анықтады. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылған. Ал жұмыстарын заңсыз жүргізіп отырған нысандарға қызметін тоқтату шарасы қолданылды.
Қауіпті инфекциядан сақтану бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Карантин режимдерін қатаң ұстанып, өзіңізді және жақындарыңызды індеттен сақтаңыздар. Сондай-ақ тек ресми мәліметтерге сенуге шақырамыз.