#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: 3000-ға жуық волонтер белсенді жұмыс істеді

Шымкенттегі 20-дан астам қоғамдық ұйым елдегі төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үлестіруде белсенділік танытқан.

Шымкенттегі 20-дан астам қоғамдық ұйым елдегі төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үлестіруде белсенділік танытқан. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев мәлімдеді.

Ж.Төлембекұлының айтуынша, Еріктілер жылына байланысты қала жастарының азаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген. Жалпы саны 3000-ға жуық еркіті 7 бағыт бойынша жобаларға қатысып келеді. Ал халықтың әртүрлі жас топтарын волонтерлік қызметке тарту қажеттілігін ескере отырып, еріктілерді қолдау мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылған.

– Жыл басынан бері қаладағы волонтерлық ұйымдар, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен «Ізгілікте жарысайық», «Жанға жылу», «Қамқор», «Мейірім», «Біргеміз» акциялары арасында бірге 100-ден астам шаралар ұйымдастырылды. Аз қамтамасыз етілген 7245 отбасыға азық-түлік, 333 отбасыға дәрі-дәрмек, 1млн астам бетперде мен антисептиктер таратылды.Волонтерлармен бірлесе отырып, «Біргеміз Sabaqtastyq» бағытында №4, №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер жобасы» жүзеге асырылуда. «Qamqor», «Saulyq» бағытында ардагерлер үйі мен дағдарыс орталықтарында 15 кездесу, ардагерлер үйінде сенбілік шаралары, мерекелік кештер мен 80 ардагердің қан қысымын өлшеу шаралары бойынша арнайы жұмыстар жүргізілді, -деді спикер.

Брифинг барысында Жандос Қалтаев Волонтер жылының қорытындысы бойынша волонтерлікпен үздік айналысқан волонтерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар