#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды

Бүгін Түркістандағы білім ошақтарында "Birgemiz: ТҮЛЕК 2020" соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды.

Бүгін Түркістандағы білім ошақтарында «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов №19 жалпы орта мектебіне барып, түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, үлкен өмірге қадам басудағы қадамдарына ақ жол тіледі.

Биылғы мектеп бітіру күні еліміздегі жағдайға байланысты ерекше өтуде. Атап айтсақ, сақтық шаралары, яғни кіре берісте температураны өлшеп, қатысушы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға медициналық бетперде мен қолғап үлестірілген. Әр сынып жеке-жеке соңғы қоңырауды өткізеді. Сол аралықта бір сағат уақыт дезинфекция жасауға бөлінген.

Жалпы, Соңғы қоңырау рухани шаһарда 3-4 маусым, яғни ертең де жалғасатын болады. Аталған кешке тек оқушылар, ата-ана мен мұғалімдер қатысады. Түркістан қаласы бойынша биыл 1507 түлек мектеп бітірсе, соның 1150-і ҰБТ-ға қатысады. «Алтын белгіге» 116, «Үздік аттестатқа» 46 оқушы ие болды. Ал, мерекелік кештен соң, түлектер ағаш отырғызып, өздерінен кіші сыныптарға өнеге көрсетті.

26 маусым мен 1 шілде аралығында жалпы саны 1154 түлек Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да 14 аудиторияда сынақтан өтеді.⠀Айта кетейік, ҰБТ нәтижесі тапсырған күні тестілеу өткізу орнындағы ақпараттық тақтаға ілінеді.

Одан өзге, www.testcenter.kz сайты арқылы да білуге болады. Тапсырған соң бланк түріндегі емес, электронды түрдегі сертификат беріледі. Ал, ата-аналар тек үйде онлайн түрде баласының тест тапсыру сәтін бақылауына рұқсат етіледі. Ол үшін ұлыңыз немесе қызыңыз білім алған мектеп басшылығынан арнайы логин мен пароль алып кіре аласыз.

Соңғы жаңалықтар