#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Сенаторлар Мақтааралда болды

Халық қалаулылары бірінші кезекте аудандағы төтенше жағдайдың салдарымен толық танысып, халықтың жағдайынан хабар алды.

Орын алған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Құртаев, Ә.Бектаев, Е.Құдайберген, Б.Смағұловтар Мақтаарал ауданында болды. Халық қалаулылары бірінші кезекте аудандағы төтенше жағдайдың салдарымен толық танысып, халықтың жағдайынан хабар алды.

Сенаторлар алдымен Атакент кентіндегі орталық азық-түлік қоймасының жұмысымен танысып, оң баға берді. Одан кейін төтенше жағдайдан зардап шеккен Нұрлы жол, Өргебас, Фирдауси ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға арналып салынып жатқан жаңа ауылдарды аралап, құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары мен қолданылып жатқан материалдардың сапасы жайында сөз қозғап, санға емес сапаға жұмыс істеу керектігін айтты.

Іс-сапарларының соңында сенаторлар эвакуациялық бекеттерде болды. Жұртшылықпен жүздесіп, апаттан үрейленіп қалған елді сабырлыққа шақырды. Апаттың зардаптарын жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген сенаторлар қиын сәттерде тасада қалмаған елдің ерікті азаматтары мен мемлекеттік қамқорлықтарға алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар