#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Кәсіпкер термометр сыйға тартты

Мақтааралдық жеке кәсіпкер 4 дистанциялық термометрді сыйға тартты.

Мақтааралдық жеке кәсіпкер 4 дистанциялық термометрді сыйға тартты.

Дистанциялық термометр — азаматтардың дене қызуын жылдам әрі нақты өлшеуге арналған әмбебап құралдардың бірі. Аталмыш термометрлер денеге тигізілмейді және оның денсаулыққа еш зияны жоқ.

“Аталған аспаптар ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне және аудандық ауруханаларға берілетін болады” – деді Бақыт Насырханұлы.

Бұған дейін жеке кәсіпкер Д.Ааташов аудандық «Мырзакент» және «Атакент» ауруханаларына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған 2 жасанды тыныс алу аппараттарын сыйға тартқан болатын. Осылайша еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында коронавирусқа шалдыққан 5 науқас тіркелген. Ауруханалар мен овсервациялық орталықта 58 адам карантинге алынған. Сондай-ақ, 80 адам үй карантинінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар