#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан жастары шағын гранттар байқауын жариялады

«Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы жарияланды. ⠀

«Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы жарияланды.

Байқау мақсаты — Тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту.

Байқау 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

Шағын гранттар байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіделі.

Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс.

Өтінішті жекелей берген жағдайда, өтініш берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – жасы 14 жастан жоғары.

Жобалар волонтерлік қызмет тәжірбиесіне азаматтарды тарту үшін эффективті механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталғын «Birgemiz» Волонтерлер жылын өткізу концепциясына сай болуы тиіс.

Байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді Ереженің Қосымша №1 сай рәсімделіп, .pdf форматында 2020 жылдың 23 мамырының Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00 дейін birgemizasylmura@gmail.com электронды почтасына жіберу қажет. Байқау ережесімен танысу үшін @birgemiz_asyl_mura био сілтемеге өтініз немесе zhasulan.kz сайтынан оқи аласыз!

Соңғы жаңалықтар