#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 825,4 мың гектарға егу межеленген

Жыл жаңарып, күн жылынған тұста-ақ Түр­кістан облысында дала жұмыстары қар­қын ала бастаған болатын. Техникаларды да­йын­дау, шаруашылық жұмыс­тарын қамдау – ауыл шаруашылығы саласы мамандары үшін күн тәртібінен түспеген мәселе.

Мемлекет басшысы да жуырда өткен төтен­ше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия оты­рысында көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аударуды міндеттеді.

«Елдің оңтүстігінде қазірдің өзінде егін егу жұмыстары жүргізілуде (30% аяқталды). Басқа аймақтарда көктемгі дала жұмыстары бір ай ішінде бас­талуы тиіс. Фермерлер айналым қаражатымен, пестицидтермен, тыңайтқыштармен, сапалы тұқымдармен, жанар-жағар­маймен қамтылуы керек. Көктемгі дала жұмыстарын қар­жыландыру көлемі 3 есе артып, 170 млрд теңгеге жетті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Егістікті ертеңге қалдырғанның зиянын жақсы білетін, көктемгі дала жұмыстарын ерте бас­тайтын Түркістан өңірінің диқандары бүгінгі жағдайдағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызу іске кіріскен. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын 825,4 мың гектарға егу межеленген. Егістікті әртараптандыруға сәйкес картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 122 мың гектар болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мың гектар­ға артқан. Сонымен қатар мал азықтық дақылдар алқабының көлемі 11,6 мың гектарға көбе­йіп, 213 мың гектарға жетті. Ал майлы дақылдар көлемі өткен жылдың деңгейінде 91,4 мың гектарға, масақты дақыл­дар 226,9 мың гектарға, мақта дақылы 118 мың гектарға орна­ластырылады. Бүгінде 503 800 гектарға жоспарлан­ған жаздық дақылдардың 159 мың гектары егілген. Соны­мен қатар осы жылдың өніміне егіл­ген 160 мың гектар күздік ас­тықтың 75 мың гектары үстеп қоректендірілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінгенін айтады. «Ақпан, наурыз айына қаралған 20 мың тонна жанармайдың құны толығымен төленіп, 4,2 мың тоннасы тауар өндірушілерге босатылды. Жанармайды босату бағасы сәуір айынан бастап литріне шаққанда 160 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 25 теңгеге арзан», дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ 93,5 мың тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 3,75 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі таңда облысқа «ҚазАзот» акционерлік қоғамы тарапынан 27 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, 7 мың тоннасы тауар өндірушілерге босатылған. Дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар 17 мың доң­ға­лақты трактордың, 2,9 мың соқаның, 430 қопсытқыштың және 1800 дән сепкіштің 97 па­йызы іске жарап тұр. Облыс бо­йынша тауар өндірушілер жаз­дық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Өңір­­дегі жалпы жағдай осындай, аудандарда атқарылып жат­қан жұмыстар да басқарма бас­шысы­ның деректерін растай түседі.

Соңғы жаңалықтар