Ақмола облысы Степногорск қаласында сарбаз атылып қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.
«22 сәуірде сағат 7:30 шамасында № 3517 әскери бөлімінде (Степногорск қаласы) мерзімді әскери қызметтегі қатардағы Б.А. Рашев есімді сарбаз түзету мекесемінде қарауылда болған. Онда ол өзіне қарумен оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз алған жарақатынан қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Бұл іс Ақмола гарнизоны бойынша әскери прокуратураға берілді.
«ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы оқиға орнына арнайы топ жіберді. Қызметтік тексерістің қорытындысы жарияланады», — делінген хабарламада.
Редакция таңдауы
Сарбаз өзіне оқ атып мерт болды
Ақмола облысы Степногорск қаласында сарбаз атылып қайтыс болды.