#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Әлемнен оқшауланған Ухань қаласы 76 күнен соң ашылды

8 сәуірге қараған түні вирус ошағы саналатын Ухань қаласы ашылды.

8 сәуірге қараған түні вирус ошағы саналатын Ухань қаласы ашылды.  Хубэй провинциясының орталығы қаңтар айынан бері толық изоляцияда болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, 7 сәуірде мұнда ешкімнен вирус табылмаған. Карантин кезінде билік барлық оқу орындарын жауып, қоғамдық көлікті тоқтатты. Тұрғындар рұқсатсыз қаладан шыға алмаған.

Cоңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген. Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

Ал 28 наурыздан бастап Уханьда қалаға кіретін теміржол байланысы қалпына келтірілді, ал 8 сәуірден бастап шығуға рұқсат берілді. Одан бөлек, әуе қатынасын жартылай қалпына келтіру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар