#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Аққұлиев ақсақал Созақ ауданының құрметті азаматы атанды

Аққұлиев ақсақалдың қарашаңырағы Жартытөбе ауылында ғана емес Созақ өңірінде де адал еңбегімен көзге түскен үлгілі әулеттің бірі.

Созақ ауданының 90 жылдық мерекесіне орай ұзақ жылдар өңірдің дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Міне, марапат төріне көтерілгендердің қатарында Жартытөбе ауылының тұрғыны Төлеген Аққұлиев ақсақал да бар.
Ұзақ жылдар Кеңестік партия ұжымында тасымалдаушы, жүргізуші болып еңбек еткен ол ел егемендігін алғаннан кейін де бұл қызметті бір кісідей атқарып келген.                Кейіннен көру қуатының нашарлауына байланысты қоғамдық жұмыстармен айналысқан.  Сонан бері облыстық “Зағиптар қоғамы” аудандық филиалының президенті қызметінде.
Жуырда ғана көпті көрген қарияға ауданның атаулы мерекесі қарсаңында жергілікті әкімдік пен республикалық “Зағиптар қоғамының” ұсынысымен Созақ ауданының құрметті азаматы атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар