#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандық таеквондошылар әлем чемпионатында топ жарды

Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің Фуджейра қаласында таеквондодан командалық әлем чемпионаты өтті.

Дүбірлі бәсекеде Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақтың жүректі жігіттері жартылай финалға дейін қарсылас шыдатпады. Тек финалға шығар тұста осы додада жеңімпаз атанған Иран құрамасынан жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасы сапында Елдос Ысқақ, Ерасыл Қайырбек, Нұрлан Мырзабаев, Руслан Жапаров және Рақым Әділханов шеберліктерін көрсетті.                                               
Ортақ жеңіске Түркістан облысының өрені Нұрлан Мырзабаев та айрықша үлес қосты. Нұрлан Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Бір қызығы, таеквондо спортымен әскерден келген соң шұғылдана бастаған. Жігерлі әрі қайсар жігіт спортқа кеш келсе де, әлем чемпионатында бесінші орынға, ал, биыл Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарында қола жүлде еншіледі. Бүгінде ұлттық құраманың көшбасшыларының біріне айналған жігіт келесі айда Алматыда өтетін Конфедерация кубогына дайындалуда.
Қазақстанға Мұстафа Өзтүрік әкелген шығыс жекпе-жегін меңгерген азаматтарға сәттілік тілейміз. Жарайсыңдар, жігіттер! Жарайсың, Нұрлан!

Соңғы жаңалықтар