#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: «ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ»

Биылғы 19 маусымда Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оның орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

«Бүгін осы тапсырманы орындау үшін Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Шымкенттен Түркістан қаласына көшіп келді», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бастап келген көшті Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары басқармалар үйі алдынан салтанатты түрде күтіп алды. Кездесуде аймақ басшысы Түркістанды түлетуге келген мемқызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
«Мінеки, Түркістан қаласына басқармалар мен департаменттер көшіп келіп отыр. 17 тамыз бүгінгі тарихи оқиғаға куә болған көпшілік үшін ерекше естелік болып қалады. Облыс орталығының Түркістанға көшірілуінде үлкен мән бар. Біріншіден, Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы болды. Екіншіден, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойында қоныс тебуінің өзі бұл шаһардың стратегиялық маңызы зор екенін көрсетіп тұр. Екіншіден, қазақтың 21 ханы мен батырлары, би-сұлтандары мен қаймақтары осы шаһарда жерленген. Бұның өзі Түркістанның Қазақстан үшін қасиетті орталық екенінің көрінісі. Үшіншіден, Түркістанда Түркі әлемінің ұлы ұстазы, ақын әрі қайраткер Ахмет Ясауи бабамыз өмір сүрген. Ұлы ойшыл ұстаздың кесенесінің Түркістанда салынуы, бұл шаһардың талай ғасырдан бері Түркістан деп аталып келе жатқаны көп нәрседен хабар береді. Ендеше, Елбасы тапсырмасына сәйкес, біз Түркістанды Түркі әлемінің рухани әрі мәдени астанасына айналдыруымыз керек. Оған баршамыз үлес қосып, атсалысайық. Түркістанның жаңару күндері басталды. Баршаңызға қоныс құтты болсын, осында көшіп келген басқармалар мен департаменттердің қызметкерлеріне сәттілік тілеймін. Түркістанды бірге гүлдендірейік!» деді облыс әкімі

Соңғы жаңалықтар