«Бейбітшілік даңғылының бір бөлігі таяуда Шымкенттің жаңа Арбатына айналады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрікті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады.
Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ерекше жарықшамдар болады. Ал демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады. Ол жаяу жүргіншілер жолының бір аймағына айналады.
Айта кетейік, Арбат көшенің бүкіл енін алады, ал ұзындығы 430 метр болмақ. Бұл аумаққа хризантема жəне канны гүлдері, көп жылдық ағаштар егіледі. Сарқырамалар орнатылып, Бейбітшіліе көшесінің Республика даңғылы жəне Əл-Фараби алаңымен қиылысына арка орнатылмақ.