#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАННЫҢ ТАБИҒАТЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ШЕТЕЛГЕ ТАНЫТАДЫ (Фото)

"Түркістан облысында «Kaskasu» Халықаралық суретшілер пленэрі қорытындыланып,  пленэрге қатысқан қылқалам шеберлері марапатталды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев суретшілердің апта бойы салған суреттерін тамашалап, өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі.                                                
Ж.Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:
— Бұл шараға әлемнің әр түкпірінен келген атақты суретшілердің туындылары Түркістан облысының көркемсурет қорын толықтыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Халықаралық деңгейдегі белгілі қылқалам шеберлерінің осы апталықтағы шығырмашылық ізденісінен құнды өнер туындысы табылады деп сенем. Аталған шараны ұйымдастырудың негізгі басты мақсаты — Түркістан өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктерін және көзтартарлық орындарын бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасап, оларды әлемдік деңгейде таныту, сол арқылы туризмді дамытуға үлес қосу.
Халықаралық суретшілер пленэрі 2018 жылдың 22-27 шілде аралығында облыс әкімдігінің бастамасымен, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Симпозиумға Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен және республикамыздың Астана, Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларынан, сондай-ақ, Түркістан облысының арнайы білімі бар кәсіби 24 суретші қатысты.
Олар бір жеті ішінде Түркістан, Төлеби, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Мақтарал, Жетісай, Сарыағаш, Шардара аудандарындағы бірқатар тарихи — мәдени орындарда болып, сондағы көріністерді қағаз бетіне түсірді.                                                 
Шараның мақсаты – еліміздің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерді, тарихи орындар мен ұлттық өнерімізді, тамаша табиғатымызды насихаттау. Сондай-ақ, түркі тілдес елдердің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, талантты қылқалам шеберлері, кескіндеме саласы бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасуды жүзеге асыру. Негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртының халықтар арасындағы достық байланыстарын нығайта отырып, туризмді дамытуға үлес қосу.
Айта кетейік, жиынның соңы Нұрлан Өнербаев, Гүлнар Сиқымбаева сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.
Еске салсақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста дәстүрлі түрде өтетін облыстық, республикалық және халықаралық іс-шаралар жоспары бекітілген. Өңірлердің әлеуметтік жағдайы мен табиғат ерекшелігін ескере отырып, іс — шаралар әр ауданда өткізілуде. Мәселен, қасиетті Қазығұрт тауының бөктерінде «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасынан басталып, облысымыздың символы, «Қызыл кітапқа» енген, айырықша қорғауды қажет ететін қызғалдақты насихаттауға арналған жиын Түлкібас ауданындағы Шұбайқызылда жалғасын тапты. Сондай-ақ, Ордабасы тауында «Ордабасыға оралу: Береке басы – бірлік», дәстүрді дәріптеу мақсатында Бәйдібек ауданында «Қымызмұрындық» қымыз фестивалі ұйымдастырылды. Міне, бүгін осынау игі бастама Төлеби ауданында «Халықаралық суретшілер пленэрі» іс-шарасымен жалғастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...