ӘБДІРАХЫМОВ ШЫМКЕНТТІҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРІН ЖАҢАРТТЫ (Фото)

"Шымкентте 3 әлеуметтік маңызды бағытта жүретін 30 автобус сатып алынды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1262

Жаңа қоғамдық көліктердің таныстырылымына шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.                                                                                                  
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:
— Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Уақыт өткен сайын шаһарда қоғамдық көліктердің қызметіне қойылар талап пен міндет салмағы арта түсуде. 2017 жылдың соңына қарай қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық көлікпен қатынаған болатын. Соның нәтижесінде, қоғамдық көлік саласында бірқатар өзекті мәселелерді анықталды. Солардың бірі — қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандардың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта әлеуметтік маңызы бар 10 бағыт анықталып, соның алғашқы 3 бағытында жүретін 30 автобусты таныстырып отырмыз. Сондай-ақ, «T-bus» ЖШС қалған 70 автобусты алып келуге міндет алып отыр.                                                                                                                   
Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына 26 көлік компаниясы 70 бағытта 1100 көлікпен қызмет көрсетуде. Қала әкімі өз сөзінде шаһардағы автопарктерді жаңарту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Ал бұл өз кезегінде қала тұрғындарына сапалы қызметті ұсынуға оң ықпалын тигізетіні анық.