Сессия жұмысына облыс әкімі, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде облысты басқару схемасына өзгерістер енгізу мен Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы және өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысы сынды алты мәселе қаралды.
Сессия отырысында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі Түркістан қаласында өткізіліп отырған облыстық мәслихатының сессиясы тарихи екенін айтып, Елордада 1997 жылы 9 желтоқсанда өткізілген ҚР Парламентінің бірлескен бірінші мәжілісін еске алды.
Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:
— Түркістан облысы — ел игілігі, ұлт болашағы үшін қабылданған Елбасымыздың бастауымен қолға алынған маңызды шешім. Бұл Астананың 20 жылдығын тойлау кезінде Қазақстанға жаңа серпін беретін, жаңа бастама болатын үлкен қозғалыс болып тұр. Елбасымыз 19 маусымда осы Жарлыққа қол қою кезінде көп нәрсені түсіндіріп айтты. Орта ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болған, қазақ жерінде мемлекеттіліктің қалыптасуына ерекше ықпал еткен, талай хандарымыз, билеріміз бен батырларымыз және сұлтандарымыз жатқан Түркістан қаласы шынында да өзіне лайықты Қазақстанның және түркі дүниесінің мәдени орталығы болуға тиісті.
Бұдан бөлек, сессия барысында облыс әкімі депутаттарды «Астананың 20 жылдығы» медалімен және мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапаттады.
Редакция таңдауы
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫНДА «АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ «МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ ТАПСЫРЫЛДЫ
"Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы алғаш рет облыс орталығында өтті", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.