#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ГОЛОВКИН МЕН АЛЬВАРЕС 15 ҚЫРКҮЙЕКТЕ КЕЗДЕСЕТІН БОЛДЫ

"Промоутерлердің өзара ортақ шешімімен Геннадий Головкин мен Альварес кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтетін болды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Gennady Golovkinнің жеке парақшасына сілтеме жасап. Бұл туралы қазақстандық боксшы өз парақшасында "This is just a beginning. Все самое интересное ещё впереди", деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында Альварестен екі допингтік сынамасынан кленбутерол табылуына байланысты 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі болмады.Қазіргі таңда мексикалық боксшы Саул «Канело» Альварес тізесіне жасалған отадан кейін бапкері Эдди Рейносоның қарамағында  жаттығуды қайта бастады.
Әлем назарын өзіне аударған бұл кездесу Мексиканың тәуелсіздік күні (16 қыркүйек) қарсаңында өтетін болады. Жаңа келісім бойынша Golden Boy промоутерлік компаниясы Генаға бокс кешінен түскен табыстың 42,5 пайызын төлейтін көрінеді. Қалған 57,5 пайыз қаржы Канелоның қалтасында кетпек.

Соңғы жаңалықтар