#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ОҚО: АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕ «ҚОШҚАР-АТА» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

"Шымкент қаласында «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзенің жағалауы пайдалануға берілді", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұсаукесер салтанатына қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шымкенттіктерді жаңа демалыс аймағының ашылуымен құттықтап, болашақта жүзеге асатын жобалармен таныстырды.
«Шаһардың шырайын аша түсетін Қошқар ата жағалауы — қала тұрғындарының сүйікті орнына айналып, мүлдем жаңа кейіпке енетін болады. Өйткені, алдағы уақытта Қошқар ата өзені бойында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, Қарасу және Қошқар-ата өзендерінің бойы толық абаттандырылады. Жалпы «Ескі қала» жобасы бойынша Қошқар ата өзенінің жағалауы демалыс және қорғау аймағы болып қарастырылған. Бұл маң — Мегаполис атанған қаланың таңдаулы, көрікті жерлерінің біріне айналмақ», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Қазір онда жарықшам мен орындықтар, ротондар орнатылып, түрлі ағаштар егілген. Бүгінгі таңда демалыс аймағын толық аяқтау үшін мемлекет мұқтажына алынатын тұрғын үйлер мен жер телімдеріне өтеамақы төлеу үшін қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар