#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: «ӘБЛЯЗОВ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛШАҚПАР ЕТІП КЕТПЕСІН!»

Adym.kz: Бұған дейін шетелде тұратын қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов өз жақтастарын көшеге көк шар ұстап шығуға шақырған. Естеріңізге салар болсақ, 22 наурызда еліміздің бірнеше қалаларында құқық қорғау қызметкерлері көшеге көк шармен жүрген адамдардың құжатын тексеріп, қайта жіберген.

25 мамырдағы Соңғы қоңырау кезінде Астана мектептерінде дәстүрлі шар ұшыру рәсімі болмады. Тіпті, бұл рәсім еліміздің көптеген өңірлерінде орындалмады. Бұған әуелі «қашқын» банкир Әблязовтың жақтастарын көк шар арқылы ереуілге шақыру себеп болса, екіншіден, қала мектептерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шарлар ұшырылмаған.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Соңғы қоңырау шарасында көк шар ұшырылмады. Демек, Әблязовтың мақсаты іске аспады. Енді оның көздегені 1 – маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Дәл осы күні бал қылықты балалардың мерекелік көңіл-күйіне әсер етпекші.
Бұл мәселе туралы әлеуметтік желіде жұрт пікірі екіге жарылды. Сол тұшымды ойлардың ішінен мына бір посқа назар аударайық.
«Соғыс уақытында бала мен әйелге тиіспеген. Ал Аблязов болса балаларды пайдаланайын деді. «Көк шар, көк самолет ұшырыңдар бұл бір ойын болсын»- деп отыр. Өзінің сасық саясатына неге енді балаларды араластырады. Онсызда осы Аблязов үшін қанша халық зардап шегіп отыр. Біразы қамауға алынды. Аблязов келіп шығарып алды ма ал?
…Әблязов біз сияқты қазақ тілінде сөйлейтіндерді «Нацпадтар» деп менсінбейді екен. Өз тілінен, өз ұлтынан жерінен қорқау енді балаларды пайдалануға көшіпті. Өз дегеніне жету үшін балаларды пайдалану бұл топастық! Баларды қорғау күні, балаларды қорлау күні болмасын ағайын. Сендер Әблязовтың айтқанын істеп, құзырлы органдағылар биліктің айтқанын орындап қақтығыс туып кетпесін. Түсінгенім Мұхтарға қан төгіс керек болып тұр. Бойын кек бойлаған адам, ештеңеден тайынбайды. Өзін қолдаған халқын аямаған адам, баланы қайдан аясын?», деп ашынды блогер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек.
Естеріңізге салар болсақ, бүгін 1 маусым — Балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірлерінде салтанатты түрде атап өтілуде.

Соңғы жаңалықтар