«Шымкенттегі «Erniyaz» media орталығы 9 мамыр Жеңіс күніне орай ерекше акция ұйымдастырды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Компания директоры Ербол Дайрашовтың айтуынша 1-9 мамыр аралығында аталған орталыққа келген әрбір тұтынушыға өздері өндірген Жеңіс лентасын сыйға таратпақшы.
«Жылда Жеңіс күні қарсаңында сары-қара түсті георгий баулары сәнге айналады. Сән дегеннен гөрі, арнайы науқан десе де болғандай. «Георгий лентасы» шындап келгенде империяшыл көршіміздің идеологиялық қаруына айналып бара жатыр. Сондықтан қолымызда бар мүмкіндікті пайдаланып көк туымыздағы түсті ұлттық ою-өрнектерімізбен үйлестіріп отандық «Жеңіс лантасын» жасап шығардық«, дейді Ербол Дайрашов.
Төмендегі мерекелік ленталар Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 886 мекен-жайында орналасқан «Erniyaz» media орталығында жасалған. Егер, осы отандық өнім қажет болып жатса, 87252 41-70-91; Моб: 8701 585 77 02 ұялы сымтетіктеріне қоңырау шалып, тапсырыс беруге болады.