#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Түркістан: Төлеби ауданында ас суын шығаратын цех іске қосылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай...

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерге дауыс беру басталды

5 тамызда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлаудың қорытынды кезеңі – үміткерлерге дауыс беру басталды. Кандидаттарға дауысты онлайн форматта vote.atameken.kz сайты арқылы 11...

Облыс әкімі құрылысы аяқталуға таяған нысандарынды аралап көрді

Түркістан қаласында былтыр отырғызылған алма ағаштары жеміс бере бастады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы бау - бақшаға бөлеген ерекше саябақтарды аралады. Облыс әкімінің тапсырмасымен...

Шымкент: Қаратау ауданын ауыз сумен қамту жұмыстары жүріп жатыр

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді. Айтуынша, аудан аумағында 47 202 жеке тұрғын үй бар. Оның 37 511-і...

Шымкент: Мониторингтік топ 500-ге жуық дәріханаға тексеру жүргізді

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы...

Түркістан: Төлеби ауданындағы демалыс аймақтарына блок-бекеттер қойылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында елде жарияланған карантиндік режимге байланысты сақтық шаралары күшейтілді. Аудандық Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері А.Еркінбекованың қаулысына сәйкес ел ішіндегі коронавирустық инфекциясының...

Шымкентте Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды....

«PHOTOBAR» — тәуелсіз елдің фотошежіресін жасайды (фоторепортаж)

Adym.kz: Өнердің оңайы болмайды. Оған жетудің жолы машақатқа толы болмақ. Егер адам бойына өнер еңбексіз, ізденіссіз келсе оның ғұмыры да солай келте болмақ.
Кеңестік кезеңде «Зенит» фотоаппаратын ұстаған адамның төбесі көрінсе, ауыл-аймақ хан көргендей асты-үстіне түсіп жігжапар болатын. Апталап, айлап сол «таңсықты» күтетін.
Қазір рахат, технологиялық төңкеріс «сурет түсіргіш» құрылғыны кез-келгенге қолжетімді етіп қоя салды. Алайда, фотоаппарат арқалағанның барлығы кәсіби, деп ойламаңыз.
Бұл салада да бокстағыдай бөлініс бар. «Кәсіпқой», «Әуесқой». Фотообьективтері қас-қағым сәтті қалт жібермей «құлатып» тынса біріншісі, ал, қиыс кетіп, ауа қармап қалса соңғысы.
Міне, сондай кәсіби фотографтардың ізденісімен тәуелсіздік жылдары елімізде көптеген өнер ұжымдары құрыла бастады. Солардың бірі «Photobar» клубы. 2016 жылы елордамыз Астана қаласында белгілі фотограф Максим Рожин мен tengrinews.kz сайтының фототілшісі Тұрар Қазанғаповтың бастамасымен құрылған ұйымның қазіргі таңда 20- дан астам (Бұл құрам әлі де толығады дейді клуб құрушылары) мүшесі бар.
Фото әуелі өнер. Сосын, ол – тарих. Ал, сол «тарихты» жасаушылар – фотографтар. Сондықтан ғаламтор кеңістігінде байтақ отанымыз – Қазақстан туралы кездесер фотошежіре тым «жұпыны» болмауы керек. Оны жасаушылардың қанында отаншылдық колорит тасып тұруы шарт.
Осы қасиеттерді бойына сіңіре білген клуб мүшелерінің кез-келгені да өз ісінің шеберлері. Осы жылдың басында аталған клуб Астана қаласында өзінің бір жылдық есепті фото көрмесін өткізді. Нәтижесінде тәй-тәйлаған өнер ұжымының аты ел аузына ілініп үлгерді.
Мұнан бөлек, клуб мүшелерінің туындылары Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі мен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «PHOTO FEST KZ» халықаралық фотофестивалінде көрмеге қойылып, шетелдіктердің жоғары бағасына ие болды.
Жуырда кілең «шедевр» түсіретін Photobar-лықтар атап айтқанда Максим Рожин, Тұрар Қазанғапов, Дана Жұлдызбек, Руслан Хасанов және Мақсат Шағырбаев ішкі туризмді нәсихаттау үшін Оңтүстік Қазақстан облысына фототур ұйымдастырды. Қазыналы Оңтүстік Қазақстан туралы мағлұмат  іздеген оқырманға сапалы контент ұсынуды мақсат тұтқан «Снайперлер» апта бойы Күнгейдің көркі көз тартар көрікті мекендерін нысанаға алмақ.
Кезекті сапардың әлхисасы  тек еліміз ғана емес Кеңес тұсында алыс-жақын шетелдерге де танымал Байжансай  кен байыту кентінен басталды.
Назарларыңызға кәсіби фотографтардың Байжансайда түсірген туындыларын  ұсынамыз.
 
 
Нұршат ТӨКЕН,
Фото авторы: Мақсат ШАҒЫРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Басқарма басшысы тағайындалды

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Иманкулов Нұрбахыт Насырұлы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Нұрбахыт Насырұлы 1975 жылы...

Шымкент: 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді, Шымкент қаласы әкімінің...

Шымкентте Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды....

Жас сарбаздарға арналған алғашқы оқ ату

Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан Шымкент гарнизонының әскери бөліміне келген жас буын алғаш рет жауынгерлік атыстарды орындады. 3-сынып сержанты Жақсыбек Мақсат жаңадан шақырылған жас...

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірінші орынбасарын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары...

Бала туу саны артып, неке бұзу азайған

Ордабасы ауданында 2020 жылдын 1 тамызына барлығы 2906 азаматтық хал актісі тіркелген.Бала туу көрсеткіші өткен жылғы есепті кезеңде 1637 болса, биыл ауданда демографиялық өсім...

Түркістан: Ер адам «Сырдария» өзеніне батып кетті

Жаз мезгілінің соңғы айы болғанымен аптаған ыстықтан бой тасалап, түрлі өзен-көлдерге шомылуға шығатындар әлі де көп, өкінішке орай қауіпсіздік ережесін сақтамай суға бату жағдайлары...

Шымкент: Жолаушылар үшін тасымалдаушы компанияларға бетперде берілген

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. – Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларға сай келуін...

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар өтеді

Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің...