КЛАССИКАЛЫҚ ДҮНИЕЛЕРГЕ ПАРОДИЯ ЖАСАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

2627

Adym.kz: «Қытай орталық комитеті ел ішінде телеарналар мен блогерлерге көркем шығармаларға әзіл роликтер мен пародиялар түсіруге тыйым салды», деп хабарлайды «Синхуа» ақпарат агенттігі.
Себебі, әзіл роликтер социалистік ұстанымдарға қарсы әрі ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің абыройына нұқсан келтіреді екен.
Осыған орай елде классикалық әдебиет пен көркем шығармаларды бұрмалайтын, мазақ қылатын видеороликтерге тыйым салынған. Бұл туралы қытайлық баспасөз, радио, кино және телевизияға мемлекеттің әкімшілік құрылымдарынан арнайы құжат келіп түскен. Егер, мамандар жаңа ережені сақтамаған жағдайда  дереу мекемелерінен шеттетіліп, сол ұжым тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, блогерлер интернет желісінде бұғатталады.
Қазіргі таңда осы заң ережесі таралысымен «JustXiait» қытайлық блогер-пародишстер командасы өз видеоларын өшіре бастаған.