Adym.kz: «Instagram желісінде Шымкенттің орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзған полиция қызметкерінің бейнебақылау камерасынан қашамын деп өзге көлікті соққаны туралы видео таралды.
Бұл видеороликті шымкенттік қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін әшкерелеу үшін желіге жариялаған.
Оқиға шаһардың Тәуке хан мен Тәшенов көшелерінің қиылысында орын алған. Полиция қызметкері банкоматтан ақша шешу үшін 10 метрдей қашықтықта тұрған тұраққа баруға ерініп, көлігін дәл жолдың ортасына тастап кеткен. Салдарынан өзге көліктерге қолайсыздық туындады.
Осы сәтті камераға түсіріп, полицейдің заңсыз әрекетін әшкерелеген қоғам белсендісінен қашпақ болған жүргізуші-полицей алаңғасарланып, артта тұрған екінші көлікті соғып алды. Қызығы сол, ол көліктің тізгінінде де полиция қызметкері отырған.
дәл осы сәтте сол маңда кетіп бара жатқан жол-патрульдік полиция көлігін шақырқан Жанпейісов жол ережесін өрескел бұзған тәртіп сақшысына хаттама толтыруын талап етеді.
Видеоның толық мазмұны мына сілтемеде көрсетілген.