#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ВЕНГЕР АЛЫМДЫ МА, ГВАРДИОЛА ҚАРЫМДЫ МА?

25 ақпанда Лондондағы атақты «Уэмбли» стадионында тамаша футбол спектаклі өтеді. Дәлірек айтсақ, «Манчестер Сити» мен «Арсенал» командасы Англия футбол лигасының кубогын сарапқа салады.
Қазір Хосеп Гвардиола шәкірттеірінің қарқыны өте керемет. Олар Аннглия премьер лигасында мәселені 70 пайызға шешті деуге негіз бар. Себебі, «Манчестер Сити» командасы 72 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орындағы «Манчестер Юнайтедтен» 16 ұпай озып тұр. Ал, біріншіліктің аяқталуныа небәрі 11 тур қалды. Екіншіден, «Манчестер Сити» чемпиондар лигасында да тамаша ойнап жүр. Лдар 1/8 финалда сырт алаңда «Базельді» 5:0 есебімен ойрандап, ширек финалға шығу мәселесін шешіп қойды.
Ал, лондондықтарға келсек, «Арсенал» Англия чемпионатында алтыншы орында тұр. Үздік төрттіктегі клубтан 8 ұпай қалып келеді. Чемпиондар лигасына шығу мүмкіндігі төмендеу. Дегенмен, Арсен Венгер шәкірттері «Уэмблиде» жақсы ойнайды. Соңғы 5 жылда Англия кубогын 3 рет олжалаған. Сонымен қатар 3 рет Англия суперкубогын еншіледі. Бұл кездесулердің бәрі «Уэмбли» стадионында өткенін ескерсек, «Арсенал» бұл жолы да аянып қалмас. Себебі, биыл жанкүйерлердің ашуын тарқататын екі-ақ мүмкіндік қалды. Бірі – ертең Карабао кубогын еншілеу болса, екіншісі – Еуропа лигасында топ жару. Қысқасы, жексенбінің кешкі 22.30-ында шабулыға негізделген тамаша кездесу болғалы тұр.
Бұл бәсекеде кәрі арыстан Венгердің шәкірттері жеңе ме, әлде айлалы қабылан Гвардиоланың тактикасын үстемдік құра ма? Оны уақыт көрсетеді. Ал, сіз қалай ойлайсыз, жанкүйер қауым?
                                                                                                                Ғ.Есіркеп.

Соңғы жаңалықтар