#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«АРАЙ-2018» ТАҒЫ БІР ЖАСТЫҢ ЖҰЛДЫЗЫН ЖАНДЫРДЫ

“Осыған дейін 22 рет өткізілген «Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілері байқауының жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде,  мəдени іс-шара жүргізушілері арасынан  Шымкент қаласының тумасы Нұрлан Мухторов, жас эстрада әншілері арасынан түлкібастық Ержан Өксікбай бас жүлдеге лайық деп танылды, — деп хабарлайды ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының баспасөз хатшысы Мадина Жұмабайқызы.Астананың 20 жылдығына орай облыстық деңгейде өткізілген байқауға аудан, қалалардан 450-ге жуық үміткер қатысып, оның 39-ы ақтық кезеңде бақ сынаған.
Өнер додасының биылғы ерекшелігі əрбір аудан, қалаға арнайы бекітілген тəлімгерлер 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлерді іріктеп, дайындық жұмыстарына жетекшілік жасады.
Айта кетерлігі, 1993 жылы  «Ақкөгершін» атауымен облыстың жас əншілері арасында бастау алған байқау 1995 жылы «Арай»  деп  өзгертіліп, жас дарындардың өнер әлеміндегі тұсауын кесті. Байқаудан Бақытжан Қажымұқанов, Бауыржан Исаев, Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова, Асқар Жүнісбеков, Жігіттер квартеті сынды көптеген елімізге танымал эстрада жұлдыздары қанат қағып, қазақ сахнасында өз биіктерін бағындырып келеді.

Соңғы жаңалықтар