#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: «Наурызнама» онкүндігі басталды

Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өтеді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото ашық дереккөзден

«Биыл да шаһарда Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Баршаңызды ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

Мерекелік бағдарламалар:

14 наурыз – Көрісу күні
Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді. Ордабасы ауданы, «Шәмші» аллеясы, 11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні Қала аумағында – «Мейірім жүректен» акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер. Балалар үйлері – мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

16 наурыз – Шаңырақ күні
Қошқар ата өзені бойы, 11:00 – «Қошқар ата сейілі», ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстар өткізіледі.
Арбат демалыс аймағы – «Бақытты жанұя» іс-шарасы
Перзентханалар – жаңа туған сәбилерге «Наурыз-базарлық» сыйлықтары табысталады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – Республикалық «Күміс қалам» жас ақындар мүшайрасы өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтеді.

19 наурыз – Жаңару күні
Шым сити шағынауданы – «Таза өлке» және «Рахмет, Жер ана!» экологиялық акциясы өтеді.
Қала аумағы – 1000 түп ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Қаладағы спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
Астана алаңы мен қала аудандарында, 10:00 – мерекелік концерт, этноауыл, қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады.
Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

22 наурыз – Жыл басы күні
10:00 – «Бесікке салу» дәстүрі
14:00 – «Жарамазан Fest» республикалық байқауы

23 наурыз – Тазару күні
Қала аумағы– сенбілік, аулалар мен көшелерді тазарту іс-шарасы.

Баршаңызды Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырамыз! Наурыз құтты болсын!», делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар