#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттен Сеул қаласына жаңа әуе бағыты ашылады

Биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото ашық дереккөзден

Билеттер сатылуда. Рейстер аптасына екі рет – Шымкенттен дүйсенбі және бейсенбі күндері, Сеулден – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Жаңа рейс Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ыңғайлы әуе қатынасын қамтамасыз етеді.

Билеттерді scat.kz сайтында, SCAT мобильді қосымшасы арқылы немесе қаладағы кез-келген қолжетімді ресурстар мен кассаларда брондауға болады. Онлайн тіркелу ұшудан 24 сағат бұрын қолжетімді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар