Болат Тілеп – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректоры. Мемлекеттік қызметтерде, білім саласында мол тәжірибесі бар білікті ұйымдастырушы.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы өз сөзінде: «Филиал жұмысын одан әрі жандандырып, ана тіліміздің дамуына зор үлес қосады деген сенімдемін», — деді. Ол сондай-ақ ұзақ жылдардан бері филиал қызметін басқарып келген Құсман Шалабаевқа тілімізді өркендету жолындағы атқарған жұмысына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.