#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Төлебилік тұрғын таңқурайды табыс көзіне айналдырған

Төлеби ауданындағы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны,  жеке кәсіпкер Құдабек Ақылбеков. Ол 0,5 гектар үйіргелік жеріне биыл таңқурайдың «Атлант» түрін еккен екен. 

«Ердің атын еңбек шығарар». Еңбегімен елдің алдында абыройға бөленіп жүрген жандардың бірі – Төлеби ауданындағы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны,  жеке кәсіпкер Құдабек Ақылбеков. Ол 0,5 гектар үйіргелік жеріне биыл таңқурайдың «Атлант» түрін еккен екен.
Негізінен Төлеби ауданының климаты бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы. Сондықтан да төлебиліктер үйіргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуді дәстүрге айналдырған.
Құдабек Ақылбеков еккен таңқурайдың «Атлант» түрінің ерекшелігі сонда – жемістері ірі әрі мол өнім береді. Салмағы бес грамнан сәл асатын ірі, тығыз жидектерімен ерекшеленеді, бұтақтарда ұзақ уақыт бойы бұзылмай тұрады екен. Олардың тәтті және қышқыл дәмі, нәзік, шырынды целлюлозасы бар, жаңа піскенде жеуге, сондай-ақ, өңдеуге жарамды.
– Жеміс-жидектерді теріп алып, жақын маңайдағы сауда орындарына өткіземіз. Одан жақсы пайда табамыз. Бұдан бөлек тосап, табиғи шырындар, кондитерлік өнімдер дайындайтын кәсіпкерлерден де сұраныс мол. Олар арнайы келіп, өздері теріп алады. Алқаптан күніне 40 келі таңқурай жиналуда, – дейді Құдабек Ақылбеков.

Соңғы жаңалықтар