#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

Жалпақ жұрттың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама аз емес. Соның бірі – «Ауыл аманаты». Биыл маусым айының соңында «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорымен шарт жасасқан. Күні бүгінге дейін жалпы көлемі 872 млн теңге болатын несиеге 139 өтінім берілген. 56 талапкердің өтініштері қанағаттандырылыпты.

 

«Ауыл аманатының» игілігі

Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң жамбасына келетін іс бастау үшін де алғашқы қара­жаттың ауадай керек екені белгілі. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайын жақсарту. Мәнді мұрат жүзеге асуы үшін ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарына 1,2 млрд теңге көлемінде несие берілгелі отыр. Шынтуайтында беріліп те жатыр. Биыл маусым айының соңында «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорымен шарт жасасқан. Өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр. Бар талапты саралай келе, ауыл тұрғындарының жеңіл­де­тіл­ген несие алып, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндігі бар. Күні бүгінге дейін жалпы көлемі 872 млн теңге болатын несиеге 139 өтінім берілген. 56 талапкердің өтініштері қанағаттандырылыпты. Әрқилы себеппен 11 өтініш берушінің құжаттары кейін қайтарылған. Қазір олар кем-кетігін толықтырып, заңдастыруда.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуы­­­на қарағанда, 250 адам несие алып, жұмысын бастаған кезде жаңа жұмыс орындары да ашылмақ. Тәуекел етуден тайсалғандар үшін бұл да – несібе. Орташа несие көлемі 4,8 млн теңгені құрайды. Өңірдің әрбір ауданында несие алушылардың құ­жат­та­маларын іріктеп, дайындауды қолға алып отырған жұмыс топтары құ­рылған.

Осы арада ел еңсесін тіктеуге ықпалы тиетін бағдарламаға қатысушыларға бе­рі­летін несие шартын айта кетсек, ар­тық­тығы болмас. Ең бастысы, сыйақы мөлшерлемесінің жылдық көлемі 2,5 па­йыздан аспайды. Несиені өтеу мерзімі – 5 жыл. Бірақ оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатындарға жеті жылға дейін бе­ріледі. Шағын несиенің ең жоғары көлемі – 8,6 млн теңге. Әрине, кепіл болуы қажет.

Бұл жобаға ауыл және шағын қала тұрғындары, оның ішінде жұмыссыздар, зейнетке жасы толмаған, бұрынғы жұ­мысынан қысқартылған жұмыскерлер өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар немесе ісін жаңа бастауға бел буған кәсіпкерлер қатыса алады.

Бүгінгі беталысын таразы басына тарт­саңыз, жеңілдетілген несие беру бағ­дарламасын жұртшылық жақсы қабыл­дап отыр. Әсіресе Атбасар, Жақсы, Ар­шалы, Біржан сал аудандарында ынта білдірушілер көп. Қолына қаражат тигендер мал, құс шаруашылығымен айналыса алады. Сондай-ақ картоп пен көкөніс өсіреміз десеңіздер, еріктеріңіз. Тіпті қаражаты жетіп жатса, қажетті техника мен құрал-жабдықтар да алуға болады. Бизнестің басқа түрлерін де дамытамын деп алға ұмтылсаңыз, еркіңіз білсін.

Өтінім білдірушілердің ынтасын сараласақ, мал шаруашылығын дамытуға ниет білдірушілер көп. Оның ішінде сүтті бағытты қолайлы көріп отырғандар да бар. Күні бүгінге дейін бірнеше кәсіпкер ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алыпты. Тіпті бір адам жеке шағын балабақша ашуға ниет еткен. Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы ауыл адамдарына нәпақа тауып беруге септігін тигізетін бағ­дарлама қыркүйек айында аяқталады деп отыр. Демек бұрын құлақтанбаған адамдар жедел қимылдап қалуы керек. Бір жақсысы, ниет білдірушілер көп болатын болса, қосымша қаражат та бөлінетін сыңайлы.

Енді осы арада мал бағу мәселесіне тоқтала кетелік. Біздің өңірде жайылым мен шабындық мәселесі ушығып тұр. Басқарма басшысы орынбасарының айтуына қарағанда, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан агроқұрылымдармен меморандумдар жасалуы мүмкін. Ел қамын ойлаған азаматтар жұмысын жаңа бастағандарға жайылым және шабындықпен көмектесуі қажет. Айтпақшы несиенің 20 пайызын мал азығын сатып алуға жұмсауға болады екен.

Ойға алған шаруа оңынан оңғарылса, кәсіпкерлер өздерінің әл-ауқатын арттырумен бірге елдің ақ дастарқанын адал аспен толтырар еді.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...