#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көші-қон комитеті жергілікті атқарушы органдармен этникалық көші-қон мәселелерін талқылады

Кездесу барысында қандас мәртебесін беру, ұзарту және СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде функционалмен жұмыс алгоритмі көрсетілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп еліміздегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен мансаптық орталықтардың өкілдерімен көші-қонды реттеу мәселелері бойынша онлайн-талқылаулар өткізді.

Кездесу барысында қандас мәртебесін беру, ұзарту және СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде функционалмен жұмыс алгоритмі көрсетілді.

Сонымен қатар, экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру мәселелері қаралды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Көші-қон комитеті қосымша қарауды және шешім қабылдауды талап ететін ұсыныстар мен мәселелердің тізбесін қалыптастырды.

Алдағы уақытта көші-қон, Әлеуметтік кодексті іске асыру және т. б. мәселелері бойынша осындай талқылаулар өткізу жоспарлануда.

ҚР СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «қандас» мәртебесін алудың жаңа тетігін іске асыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде «бір терезе» қағидаты бойынша 656 отбасындағы 1997 этникалық қазақтан өтініштер қабылданды. Этникалық қазақтардың бұл өтініштері Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жолданды.

Өтінішдерді қабылдап алған жергілікті атқарушы органдар оларды қарастыруы және тұрақты қоныстану орны, жұмысқа орналасу және өңірлік квотаға енгізу бойынша ұсыныстарын беруі тиіс.

Этникалық қазақтарды қабылдау тетігін қайта қарау ҚР 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізілді.

Өзгерістердің Қазақстан елшіліктері арқылы құжаттарды қабылдаудың жаңа форматына ғана емес, қандастарды қоныстандырудың мына механизмдеріне де қатысы бар, атап айтқанда:

— ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыру;

— демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерациялар мен ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қоныстандыру;

— Қазақстан аумағында және ҚР азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері немесе жақын туыстары тұрақты тұрған жағдайда (тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен) отбасымен қауышу;

— бос жұмыс орнына орналасу мақсатында (тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен) жұмыс берушілердің шақыруы.

Соңғы жаңалықтар