ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тэ-ик Чжомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы тарап екенін атап өтті. Қазір мемлекетімізде 14 елдің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Елімізде арнайы рұқсат қағазы арқылы еңбек етуге білікті кадрлар тартылуда. Республикада олардың қызметін реттейтін тиісті заң қабылданды.
«Сондай-ақ біздің отандастарымыз да алыс-жақын шетелде жұмыс істеп жүр. Қазірде қазақстандықтар еңбек етіп жатқан бірқатар мемлекетпен, оның ішінде Корея Республикасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарымызды қорғауға мүдделіміз», — деді Тамара Дүйсенова.
Өз кезегінде Тэ-ик Чжо әлемнің 16 елінде Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (EPS) бойынша оқыту орталықтары жұмыс істейтінін атап өтті. Ондағы мамандар тіл, салалық дағдылар, заңнаманы үйретеді.
Сонымен қатар вице-премьер біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Қазақстан азаматтары үшін Оңтүстік Кореяға кірудің қолданыстағы ережелері туристік, іскерлік, емделу, туыстары немесе достары үшін келген адамдар елде 30 күнге дейін визасыз бола алады деп белгілейді. Этикалық корейлер үшін арнайы ережелер бар, елде ұзақ уақыт болуды жоспарлағандардың барлығына Оңтүстік Кореяға виза қажет. Бұл режим ТМД азаматтары үшін 2014 жылдан бері қолданылып келеді, ол міндетті түрде төлқұжаттың болуын талап етеді. Ерекшелік – елге ұзақ мерзімді білім алу, жұмысқа орналасу, миссионерлік қызмет немесе ұзақ мерзімді болу мақсатында келуді жоспарлаған Қазақстан азаматтары.
Екі ел азаматтарының достығы мен өзара қызығушылығы біздің ынтымақтастығымызды одан сайын нығайта түседі. 2014 жылы елдер арасында визасыз сапарлар туралы келісімге қол қойылды. Осыдан кейін Кореяға келетін қазақстандықтардың саны күрт өсті. Визасыз режімнің басты мақсаты – азаматтар арасындағы байланысты жандандыру болды. Өкінішке қарай, Қазақстанның кейбір азаматтары бұл келісімді бұрыс пайдаланып, Кореяға заңсыз жұмысқа орналасу үшін барды. Қазір Қазақстаннан келген заңсыз еңбек мигранттарының саны шамамен 10 мың адамға жетті. Бұл Корея қоғамында да өзекті мәселеге айналып отыр. Оны шешу үшін екі ел Үкіметі, сондай-ақ көші-қон, құқық қорғау органдары тығыз жұмыс істеуі керек деп есептеймін.