#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Ордабасы тұрғындары «Еңбек», «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсібін дөңгелетіп, табысын арттыруда

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны, көпбалалы әке Ақжігіт Қуанышбек құрылыс жұмысына қажетті газоблок өндіреді. 47 жастағы азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінде кәсіппен айналысуда, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

Жыл басында «Бастау бизнесінің» курсын ондайн оқып, сертификат алған. Сертификатты алған бойда аудандық Мансап орталығы арқылы грант алуға өтінім жолдайды. Бизнес-жоспары комиссия отырысында мақұлданып, грант иегері атанады. Осылайша шағын цех ашып, жұмысын бастап кетеді. Болашақта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
— Мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, еңбек етіп, табысын арттыру — әр адамның өз қолында, — дейді кейіпкер Ақжігіт Құрасбекұлы.
Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ауданда биыл 173 азаматқа жаңа бизнес идеялары үшін грант беру жоспарланып отырған көрінеді. Ордабасы ауданының орталығы – Темірланда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3 айлық қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, грант алған Ләйлә Әбдімәжитқызы өз кәсібін бастап кетті.

Темірлан ауылындағы Қазыбек би көшесінің бойынан тігін шеберханасын ашқан іскер әйел жаңа бизнес идеяларға арналған жобадан 200 АЕК көлемінде грант иеленген. «Aisha» тігін шеберханасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл қатысып, кәсіп иесінің игілікті ісіне сәттілік тіледі.

Ордабасыда тігін шеберханасын ашқан азамат мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасымен 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш бағдарламаға қатысып өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтың бірі — ордабасылық Мейрамбек Тұрымбет. Ол 2006 тігін шеберханасын ашып, 2009 жылы 3 млн. теңге несие алып, тігін машиналарын жаңартқан.

«Жұмыспен қамту» бөлімінен 3 айлық тігін курсынан өткен 5 қызды алып отырмыз. Қыздар оқып-үйреніп келді, қазір жақсы тігіп жатыр. Өзім пішуші болып жұмыс істеймін. Осы қыздарға қырқып беремін, ары қарай өздері алып кетеді. Біз кешкі көйлектер, ұлттық киімдер, мектеп формаларын, мұғалімдер формасын тігеміз. Жалпы жағдайымыз жақсы», — дейді ол.

Бүгінде «Мейрамбек» тігін цехтің өнімдеріне деген сұранысы жоғары. Ондағы жұмысшыларға бүгінде 50 мың теңге жалақы төленіп отыр. Ұсыныстар келіп түсіп жатса жалақыны да көтеруді жоспарлап отыр. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 194,036 млн теңге бөлініп, 4181 адамды қамтуды жоспарлаған. 6 айдың қорытындысы бойынша 3898 адам бағдарлама қатысушысына әлеуметтік қолдау көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар