#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Сайрамдық азамат «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасты

«Күміс жас» жобасының қатысушысы Зүлфия Көбеева Сайрам аудандық Мансап орталығы арқылы жұмыспен қамтылған. Ол қазіргі таңда Ақбұлақ ауылындағы «Айназ» балалар орталығында математика пәнінен қосымша сабақ береді. Жұмысқа 1 наурыз қабылданып, бүгінде мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы — 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға арналған жұмыс орны. Жоба қатысушыларының жалақысын субсидиялау мерзімі 36 айдан аспайды. Жұмыс беруші белгілеген жалақысын субсидиялау мерзімі мен мөлшері төмендегідей жүргізіледі:
1) қатысудың бірінші 12 айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
2) қатысудың 13 айынан бастап 24 айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың 25 айынан бастап 36 айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдауға міндетті.
2023 жылы Сайрам ауданы бойынша «Күміс жас» жобасымен 180 адамды жұмыспен қамту көзделсе, бүгінгі күнге 180 адам аталған жобаға тартылды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтіледі. Оған 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия (бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) көп емес) ала отырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Бұл ретте жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды.

2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіледі, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Сонымен қатар жоба аясында «жеке көмекші» және «әлеуметтік қызметкер» кәсіптері бойынша жұмыс орнын алу мүмкіндігі пайда болады. «Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен жыл сайын кемінде 15 мың адамды қамту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар