#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Халықты жұмыспен қамту жөнінде маңызды мәселелер қаралды

Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен онлайн-офлайн форматта халықты жұмыспен қамту жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

Мәжіліске облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, облыстық прокуратура өкілі Ермахан Әбжанов, басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде «Прокуратура органдары тарапынан халықты жұмыспен қамту барысында анықталған заңдылықты бұзушылықтар туралы» мәселесі қаралды. Т.Құдайбергенов 2022 жыл мен 2023 жылдың жартыжылдығына жүргізілген тексеру нәтижесі мен заң бұзушылықтар орын алғанын баяндады. Қазіргі таңда қаржыны бюджетке кері қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары алдағы уақытта аталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында арнайы іс-қимыл алгоритмі түзіліп, тиісті бақылау жүргізу және алдын алу жұмыстары күшейтілетінін мәлімдеді. Одан бөлек, аудан және қалалық «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметкерлеріне семинарлар өткізу және оларды аттестаттау шаралары да ұйымдастырылады. Сондай-ақ Салық органдары, еңбек инспекторларымен бірлесе жұмыс берушілердің және қатысушы азаматтардың тізімі ұсынылып, электрондық келісім шарттардың түзілуіне, басқа мекемеден міндетті зейнетақы жарнасының түсуіне мониторинг жасалатын болады.
Жиыннан соң Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру мәселесі қаралды. Ережесі мен құрамы бекітілгені хабарланып, комиссия төрағасы ретінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, ал Әсия Темірбаева төрағаның орынбасары болып сайланды. Өңірлік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия құрамы жыл сайын қайта бекітіледі.

Соңғы жаңалықтар