#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан қаласында үш мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

Түркістанда аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, 2023 жылдың 11 ай қорытындысымен 3 248 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Сондай-ақ, 5 973 аз қамтылған отбасыдағы балаға азық-түлік және тұрмыстық жиынтық заттар үлестірілген. Одан бөлек, екі Ұлы отан соғыс ардагері мен 416 Ауған соғыс ардагеріне, 369 тыл еңбеккеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 5 839-дан астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және ынталандыру мақсатында облыс орталығында «Қамқорлық» жанұя орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде орталықта «Қадам» білім беру жобасы арқылы 275 азаматша білім алып, 112-сі оқу курстарын аяқтаған. Ал, «Нәтиже» әлеуметтік жобасы арқылы 115 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 118-і өз кәсібін ашқан.

Айта кетерлігі, биыл 1 қарашада 583 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай  бойынша 111,2 мың отбасындағы 583,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінді.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді: табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды; жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Соңғы жаңалықтар