#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды

Түркістандық ұстаз Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ, ал саумалдан сабын жасап шығарды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Жадыра Байдалы қазіргі таңда №11-ші Түркістан колледжінде қызмет атқарады.

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәннен студенттерге сабақ береді. Жас ұстаз бос уақытанда кәсіппен айналысқанды құп көреді.

Жадыраның жасап жатқан қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды. Дәмі де өзгеше. Ең бастысы — сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие.

«Жаңа жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», — дейді ол.

Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар