#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Солтүстік Қазақстан облысы – жұмыс күші тапшы өңірлер қатарында. Оңтүстік халқы бұл аймаққа мемлекеттің «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қоныс аудара алады.

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Бауыржан Баржанов арнайы келді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл тұрғындарымен бейресми кездесулер өткізіп, аталған бағдарламаның тиімділігін түсіндіру мақсат етілді. Тек ақпараттандырып қана қоймай, теріскейдің тұрғыны ретінде көшуге ниетті азаматтарға шынайы өмірлік жағдайларды жеткізуге басымдық берілуде. Делегацияның жұмысы Сауран ауданының Шаға ауыл округінде бастау алды.
– «Tauekel» қоғамдық ұйымы – бүгінде Солтүстікке көшіп келген азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ашылған республика көлеміндегі жалғыз ұйым болып отыр. Мен Жетісу облысының тумасымын. Бір жарым жыл бұрын солтүстік аймаққа отбасыммен қоныс аудардым. Қазіргі таңда осы бастаманы насихаттауға күш жұмсап келеміз. Әсіресе халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірінің тұрғындарын қоныстандыруға үндеу тастап, жергілікті және орталық деңгейлерде мәселе көтеріп, жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысудамыз. Шындығына келсек, солтүстіктегі ауылдардың тағдыры сіздерге байланысты. Өйткені, 300-400 орынға шақталып салынған кейбір мектептердегі бала саны 10-ға да жетпейді. Бұл бір ғана мысал. Бізге медицина, білім, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларымен айналысатын мамандар ауадай қажет. Қолынан іс келетін әрбір тұрғынды қуана қарсы аламыз. Біздің аймақта жер тапшылығы проблемасы жоқ деуге негіз бар. Мемлекет бекіткен көмектен бөлек басқа да қолдауларды көрсетуге дайынбыз. Тиісінше сіздерден де көмек сұрап келген жағдайымыз бар. Ең бастысы, нақты кәсіп таңдап, бәсекелестікті арттыруға ынталы болса жеткілікті. Сіздердің қоныс аударғандарыңыз тек жеке мақсатта ғана емес, ел үшін маңызды. Өзіңізге, балаларыңызға, мемлекетке қызмет еткен болып есептелесіз, – деді Б.Даханов.
Ә.Мыңбай «Серпін-2050» бағдарламасының түлегі ретінде ата-аналар тарапының қолдауы маңызды екенін атап өтті. Б.Баржанов қоныс аударғанда көрсетілетін әлеуметтік көмектерге тоқталды. Көшкен жағдайда 5 жыл келісімшарт жасалатынын ескеріп, нақты қадам болғаны жөн деген пікірін айтты.
Жергілікті тұрғындармен өткен жиынға Түркістан облыстық мәслихат депутаты әрі осы бағытты насихаттаушы Жаңабай Ағабеков, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшы орынбасары Нұржан Нұрашов қатысты. Депутат көшуге ниетті тұрғындар Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандармен танысуы үшін автобус қарастырып, жол шығына демеушілік жасайтынын тілге тиек етті. Ж.Ағабеков бірқатар жыл бұрын игі істі қолға алып, үрдіске айналдырған.
Кезекті кездесу Түркістан қалалық Халықтыжұмыспен қамту орталығында жалғасты. Делегация орталық қызметкерлерімен тілдесіп, халықты қарапайым анықтамалармен қамтамасыз етіп, ақпараттандыру жұмысын күшейту қажеттігін алға тартты.
Сапар Түркістан облысы әкімі аппаратында түйінделді. Делегация құрамы облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қабылдауында болды. Мәслихат төрағасына халықпен тікелей жұмыс жүргізетін депутаттар болғандықтан, барлық деңгейдегі мәслихаттар мен кәсіпкерлік мекеменің атсалысуын ұсынды. Н.Әлмаханұлы бастаманы қолдап, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Кездесуге қатысқан Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Түркістан жұртшылығын толыққанды мәліметпен қамту үшін мамандар жолдауға ұсыныс берілгенін еске салды.
Б.Тәжібаев Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданында ішкі және сыртқы көші-қонды қалыптастыратын орталықтар ашу жоспарланып отырғанын хабарлады. Онда мамандар халыққа кеңес беріп, заңдылығын түсіндіріп, тәртібін үйретіп, бағдарламаларды таныстырады. Бұл орталықтың ерекшелігі – тек көші-қон саласымен ғана айналысады. Облыс әкімінің орынбасары сонда ғана күтілетін нәтижеге жетуге болатынын жеткізді. Тараптар Түркістан облысында «Tauekel» қоғамдық ұйымының филиалын ашу жайында келісімге келді.
Айта кетейік, делегацияның 5 күнге жоспарланған жұмыс сапары Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам және Ордабасы аудандарында жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...