#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында отандық «Avtopicnik» көлігі құрастырылды

фото баспасөз қызметінен

Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Бұл көлікті бірнеше мақсатта жасап шығардық. Қазір бұл көлік табиғат аясындағы демалысқа пайдалануға өте қолайлы. Шағын және ыңғайлы, жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейіннен қайта жинақтап қоюға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шығып, «World skills» чемпионатында жүлдеге ие болдық, — дейді жоба жетекшісі Бахтияр Дустанов.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған көліктің мүмкіндіктерімен танысып, жобаны жүзеге асырған шығармашылық ұжымның еңбегін жоғары бағалады.
Айта кетейік, «Avtopicnik» көлігі оңтүстік кореялық GM Daewoo компаниясының Daewoo Damas атты микроавтобусынан жасалған. Ерекшелігі — жанармайды өте аз тұтынатын көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған. Ал қараңғы уақытта күннен қуат алатын құрылғы өз жарығымен қуаттала береді. Ол үшін жанып тұрған шамдарды қуаттағышқа қаратып қою жеткілікті.
Осыған дейін де аталған колледж ұжымы жанар-жағар майсыз электр қуатымен қозғалатын көлік құрап шығып, көпшіліктің қызығушылығын оятқан еді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...

Ұлттық ағарту саласының ұлағатты перзенті өмірден озды

Еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарының ректоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметкер болып, талантты шәкірттер баулыған ұлағатты ұстаз, ел ісіне етене араласқан көрнекті...

Айтыскер ақын Біржан Байтуовпен шығармашылық кездесу кеші өтті

Шымкент қаласы «Отырар» колледжінде қазанның 17 мен 22-сі күні аралығында «Тіл тұғыры, ел ғұмыры» атты апталық аясында Ерлан Құдайбергеновтің ұйымдастыруымен республикалық дәрежедегі айтыскер ақын,...

«AMANAT»: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАРТИЯЛЫҚ НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты. Мереке қарсаңында марапатталған азаматтардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер,...

ROI тұтынушылар кооперативі 3 жылдығы қарсаңында жүзінші отбасыға үй сыйлады

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы...