#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандық таеатр Х «Babel F.A.S.T.» фестиваліне қатысты

Оған Қазақстаннан Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры С.Раевтың «Ханшаның көз жасы» қойылымымен қатысып қайтты.

Фото облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Румынияның Тырговиште қаласында халықаралық Х «Babel F.A.S.T.» фестивалі өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнер көрсеткен соң қойылым режиссері Қуандық Қасымов ұйымдастырушыларға Қазақстан атынан алғысын білдіріп, шапан жапты. Театр труппасы сахналаған туындыны көрермен қызығушылықпен тамашалады. Өнер фестиваліне 14 елден келген театр қатысып, өнерпаздар өзара тәжірибе алмасты.
Фестиваль барысында баспасөз конференциясы өтіп, Тырговиште қаласының Tony Bulandra театры мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры өзара меморандумға қол қойды. Тығыз қарым-қатынас орнату үшін екі тарап келісімге келді.
Бұдан бөлек, театр ұжымы Румыния астанасы Бухарест қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай орнатылған Абай ескерткішіне барды. Бұл – екі халық арасындағы өзара құрметтің айқын белгісі.
Еуропа көрерменіне өнер көрсеткен театр саңлақтары елге оралды. Оларды әріптестері мен жақындары, журналистер әуежайдан құшақ жая қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар