#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттің «Бас жопарына» арналған қоғамдық талқылау бір айға созылады

Осыған дейінгі қоғамдық талқылау жұмыстары 2-3 сағатқа ұсынылса, бұл жолы барлық тұрғындар үшін қолжетімді болуы үшін 1 айға созылмақ. Кез келген шымкенттік тұрғын бас жоспармен танысып, өзінің ұсыныс-тілегін қалдыра алады.

Фото: Мақсұт Исақов парақшасынан

«Бүгін Шымкенттің бас жоспарын қала тұрғындарының талқысына ұсынылды», деп  хабарлады қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов өзінің facebook желісіндегі парақшасында.

«Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. Ал 2015-2018 жылдар аралығында бас жоспарға өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, сол кездегі қала әкімі бекітті. Ал бұл бас жоспар 2025-2035 жылдар аралығын қамтып отыр. Арнайы мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізді.
Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалып отыр. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарлап отырмыз.
Шымкенттің бас жоспарын әзірлеуге «Градкомплекс» ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Мердігер мекеменің тәжірибесі мол. Сондай-ақ, компанияның шақыруымен Киев, Минск, Санкт-Петербург қалаларынан білікті мамандар келіп, зерделеу жұмыстарына атсалысқан.
Талқылаудан соң мамандар ұсыныс-талаптарды ескеріп, жыл соңына дейін Шымкент қаласының жаңа бас жоспары жасақтап, Үкіметтің қаулысымен бекітеді», дейді Мақсұт Пернебайұлы.

Соңғы жаңалықтар