#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Shymkent: Әл-Фараби ауданының прокуратурасы 11 571 баланың құқығын қорғады

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны баршаға белгілі.

Фото баспасөз қызметінен

Әл-Фараби аудандық прокуратураның қадағалуымен шымкенттік 11 571 баланың құқығы қорғалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шараларды орындау керектігін алға қойып, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуымен бақытты балалық шағы–біздің жалпыұлттық міндетіміз екендігіне баса назар аударды.
Өз кезегінде прокуратура органдары да бұл саланы басым бағыт ретінде белгілеп, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуде ұдайы шаралар қолдануда.
Таяуда аудандағы 67 бала-бақшада тәрбиленушілердің күнделікті тамақ нормаларына талдау жүргізіп, балаларға берілетін тамақ өнімдері бекітілген нормативке сәйкес келмейтіндігін анықтады.
Аудан прокуратурасының енгізген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен бала-бақшалардағы ас мәзірі талапқа сәйкестендіріліп,11 571 баланың құқықтары қорғалды.
Онымен қоса, заңмен белгіленген талаптарды сақтамаған мектепке дейінгі ұйымдардың 54 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерінің сақталуы прокуратура органдарының үнемі бақылауында.

Соңғы жаңалықтар